meta data for this page
  •  

Қорытындыларды қайта қарау

Тендерлік комиссия хатшысының «Комиссия» мәзірі арқылы өткізілген (аяқталған) сатып алуларды қайта қарауға мүмкіндігі бар.

Қорытындыларды қайта қарау мүмкіндігін таңдаған кезде, хатшы Сатып алудан бас тартудың себебі мен Комиссияның тиісті шешімін толтырып, «Қорытындыларды қайта қарау» батырмасын басу керек.

Жүйе, тендерлік комиссияның хатшысы қол қоятын, Күшін жою туралы хаттаманы қалыптастырады.

Хатшы күшін жою туралы хаттамаға қол қойғаннан кейін комиссия белсенді болады. Сатып алуды Ұйымдастырушы рөлі бар барлық пайдаланушыларға тиісті хабарлама жіберіледі.

Комиссия мүшелері қайталап дауыс берулері мүмкін.  

Қайталап дауыс беруден кейін хатшы рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады.       

Комиссияның барлық мүшелері жаңа Рұқсат беру хаттамасына және Қорытындылар хаттамасына қол қояды.