meta data for this page
  •  

Тендер критерийлерін қорытындылау

Тендерге қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін, жүйе автоматты түрде ашу хаттамасын жасайды және бұл туралы тендерлік комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді.

Қорытындылау рәсімін келесі алгоритм бойынша бастау қажет:

  • Портал хабарландыруға қатысқан әлеуетті жеткізушілерді көрсетіп, ашу хаттамасын жасайды;
  • Тендерлік комиссияның әрбір мүшесі әрбір әлеуетті жеткізушіні бөлек қарастыра отырып, әлеуетті жеткізушілердің кіру рәсімін (алдын ала рұқсат беру) жүзеге асырады.

ӨТІНІМДЕРДІ ҚАРАУ

Жеткізушінің өтінімінде қоса берілген құжаттамамен танысу қажет, бұдан әрі әлеуетті жеткізушіні тексергеннен кейін қабылдау жалауын таңдап және «Бекіту» батырмасын басу арқылы оны қабылдау туралы шешім қабылдау керек.

Потенциалды жеткізушінің өтінімін пысықтауға жіберген кезде, сіз кіру жалаушасында «Рұқсат етілмеген» белгісін таңдап, тізімнен бас тарту себебін таңдап және қажет болған жағдайда түсініктеме қосып, содан кейін «Бекіту» батырмасын басыңыз.

Егер әлеуетті жеткізушінің өтінімінен бас тартылған болса, рұқсат беру жалауынан «Қайта жіберу құқығынсыз бас тартылды» таңдау керек, тізімнен бас тарту себебін таңдап және қажет болған жағдайда түсініктеме қосу керек, содан кейін «Бекіту» батырмасын басу қажет.

*Әлеуетті өнім беруші «Рұқсат етілмеген»жағдайында болған кезде, жүйе алдын ала рұқсат беру хаттамасын құруды ұсынады.

Хатшы пысықтауды аяқтау уақытын көрсетуі керек (әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін пысықтау аяқталған күн 3 жұмыс күнінен кем болмауы тиіс) бұдан әрі  «Алдын ала рұқсат беру  хаттамасын құру» батырмасын басыңыз.

Көрсетілген «Комиссияның құрамы туралы ақпарат» терезесінде Хатшы қажет болған жағдайда комиссия мүшелерінің «Келмеу себебі» жолдарын толтырып, содан кейін «Жасау» батырмасын басуы керек.

Тендерлік комиссияның барлық мүшелеріне рұқсат беру хаттамасына қол қою туралы хабарлама келіп түседі. Комиссияның барлық қатысқан мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін, Хатшыға оны жариялау қажеттілігі туралы хабарлама келіп түседі. Бұдан әрі Хатшы «Жариялау» батырмасын басуы қажет.

Назар аударыңыз !!! Егерде тендерлік комиссияның мүшелері, әлеуетті жеткізушінің өтініміне өзгерістер енгізген жағдайда, бұл туралы хатшыға хабарланады. Осыдан кейін хатшы «Алдын ала рұқсат беру хаттамасын құру» батырмасын басу арқылы хаттаманы қайта құру қажет.

Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін пысықтау аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері қайтадан дауыс беруге кіріседі

Назар аударыңыз!!! Егер әлеуетті жеткізуші өтінімді пысықтауға құжаттарды жүктеген болса, онда өтінімді қарау кезінде қоса берілген құжаттар жасыл түспен көрсетіледі.

«Дауыс беру» қосымша парақшасы арқылы Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның дауыс беру рәсімін бақылай алады, әлеуетті жеткізушінің өтінімінен, егер комиссия мүшелері қарсы болған жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып бақылай алады.

Тендерлік комиссия шешім шығарады, бұдан әрі Хатшы рұқсат беру хаттамасын жасайды. Рұқсат беру хаттамасына Порталда тендерлік комиссияның қатыспаған мүшелерінен басқа, барлық мүшелері ЭЦҚ сертификатымен қол қояды. Хатшыға рұқсат беру хаттамасына тендерлік комиссияның барлық қатысқан мүшелірі қол қойғаны туралы хабарлама келіп түседі, бұдан әрі Хатшы рұқсат беру хаттамасын порталда жариялайды. 

Назар аударыңыз !!! Егерде тендерлік комиссияның мүшелері, әлеуетті жеткізушінің өтініміне өзгерістер енгізген жағдайда, бұл туралы хатшыға хабарланады. Осыдан кейін хатшы «Алдын ала рұқсат беру хаттамасын құру» батырмасын басу арқылы хаттаманы қайта құру қажет.

Рұқсат беру хаттамасында / алдын-ала рұқсат беру хаттамасында шешіммен келіспеген жағдайда, тендерлік комиссияның мүшелері (-лері) «Ерекше пікір» қалдырып, қажет болған жағдайда құжатты жүктеуге мүмкіндік алады. Қажет болған жағдайда тендерлік комиссияның мүшелері «Ерекше пікір» қалдырып, құжатты жүктей алады.

Рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін, Хатшы әлеуетті жеткізушінің өтінімі бойынша балл  мен ескертулер енгізіп, бағалау критерийлерін бекітуі керек.

*бұл әрекет егерде рұқсат берілген жеткізушілердің саны кемінде 2-еу болған жағдайда орындалады.

Барлық рұқсат етілген өтінімдерді бағалау критерийін бекіткеннен кейін, хатшы «Балл беру қорытындысын» қалыптастыруға бастамашы болады.

 Назар аударыңыз!!! Егер «Балл беру қорытындысына» өзгерістер енгізу қажет болса, онда Хатшы «Балл беру қорытындысын» жарияланғанға дейін қайта құра алады. Ол үшін Хатшы жеткізушінің өтініміне кіріп, бағалауды өзгертіп немесе түсініктеме беріп, бағалау критерийлерін мақұлдауы керек, содан кейін хатшы «Балл беру қорытындысын» қайта құра алады. 

«Балл қою қорытындысы» қалыптасқаннан кейін жүйе автоматты түрде комиссияның барлық мүшелеріне «Балл қою қорытындысы» құжатына қол қою қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

Комиссия «Балл қою қорытындысы» құжатына қол қойғаннан кейін, Хатшыға оны жариялау қажеттілігі туралы хабарлама келіп түседі. Бұдан әрі Хатшы «Жариялау» батырмасын басуы қажет. 

«Балл қою қорытындысы» құжаты жарияланғаннан кейін,  жүйе «Критерия құны» бойынша ұпайларды автоматты түрде есептейді, Хатшы енгізген ұпайларды қосындылайды, жеңімпазды анықтайды және қорытынды хаттаманы қалыптастырады.

Комиссияның барлық мүшелері қорытынды хаттамаға қол қойғаннан кейін, Хатшыға оны жариялау қажеттілігі туралы хабарлама келіп түседі. Бұдан әрі Хатшы «Қорытынды хаттамасын жариялау» батырмасын басуы қажет.