meta data for this page
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қорытындылау
Баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін жүйе әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін қарау туралы хабарлама жібереді
Хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша немесе «Комиссия» мәзірі бойынша өту қажет - белсенді комиссияға өтіңіз.
Пайда болған терезеде Лоттар категориясында әлеуетті жеткізушінің өтінімдері көрсетіледі, оны қарау үшін «Қарастыру» батырмасын басыңыз.
Жеткізушінің өтінімінде қоса берілген құжаттамамен танысу қажет, бұдан әрі әлеуетті жеткізушіні тексергеннен кейін қабылдау жалауын таңдап және «Бекіту» батырмасын басу арқылы оны қабылдау туралы шешім қабылдау керек.
Өтінімнен бас тартылған кезде, міндетті түрде бас тарту себебін көрсету қажет (Тзімнен таңдау)
Назар аударыңыз! Портал әлеуетті жеткізушілерге баға ұсыныстарын ұсынуға шектеу қоймайды, яғни нөлдік баға ұсынысы немесе жоспарланған өзіндік құннан жоғары баға ұсынылуы мүмкін. Қарау кезінде Ұйымдастырушы шешімге мұқият болуы керек, сатып алу аяқталғаннан кейін Тапсырыс беруші Сатып алу қағидаларына сәйкес әрекет етеді.
Шешім қабылдағаннан кейін әрбір жеткізушіге «Баға ұсыныстарын қарау рәсімдерін аяқтау» батырмасын басу, ЭЦҚ-мен қол қою керек және «Жариялау» батырмасын басу қажет.
Жүйе автоматты түрде қорытынды хаттамасын қалыптастырады және оған қол қою қажеттілігі туралы хабардар етеді (хабарлама арқылы)
Сілтемені басу арқылы қорытынды хаттама шығады, оған ЭЦҚ-мен қол қою керек.
Қорытындылар хаттамасында жеңімпаз немесе сатып алу болмағандығы туралы хабарлама көрсетілген.





