meta data for this page
Тендер тәсілімен сатып алуды қорытындылау
Тендерге қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін жүйе автоматты түрде ашу хаттамасын қалыптастырады және бұл туралы тендерлік комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді.
Қорытындылау процедурасын келесі алгоритм бойынша бастау қажет:
- Портал хабарландыруға қатысқан әлеуетті жеткізушілерді көрсетіп, ашу хаттамасын жасайды;
- Тендерлік комиссияның әрбір мүшесі әрбір әлеуетті жеткізушіні бөлек қарастыра отырып, әлеуетті жеткізушілердің кіру рәсімін (алдын ала жіберу) жүзеге асырады.
ӨТІНІМДЕРДІ ҚАРАУ
Жеткізушінің өтінімінде қоса берілген құжаттамамен танысу қажет, бұдан әрі әлеуетті жеткізушіні тексергеннен кейін қабылдау жалауын таңдап және «Бекіту» батырмасын басу арқылы оны қабылдау туралы шешім қабылдау керек.
Потенциалды жеткізушінің өтінімін қайта қарауға жіберген кезде, сіз кіру жалаушасында «Рұқсат етілмеген» белгісін таңдап, тізімнен бас тарту себебін таңдап және қажет болған жағдайда түсініктеме қосып, содан кейін «Бекіту» батырмасын басыңыз.
Потенциалды жеткізушінің өтінімінен бас тартқан кезде, сіз кіру жалаушасында «Қайта ұсынусыз бас тартылды» белгісін таңдап, тізімнен бас тарту себебін таңдап және қажет болған жағдайда түсініктеме қосып, содан кейін «Бекіту» батырмасын басыңыз.
*Әлеуетті өнім беруші «Рұқсат етілмеген»жағдайында болған кезде, жүйе алдын ала рұқсат беру хаттамасын құруды ұсынады.
Хатшы қайта қараудың аяқталған уақытын көрсетуі керек (әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін қарау аяқталған күн 3 жұмыс күнінен кем болмауы тиіс) содан кейін «Алдын ала рұқсат беру хаттамасын құру» батырмасын басыңыз.
Көрсетілген «Комиссияның құрамы туралы ақпарат» терезесінде, Хатшы қажет болған жағдайда комиссия мүшелерінің «Келмеу себебі» жолағын толтырып, содан кейін «Қалыптастыру» батырмасын басу керек.
Тендерлік комиссияның барлық мүшелеріне рұқсат беру хаттамасына қол қою туралы хабарлама келіп түседі. Комиссияның барлық қатысқан мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін, Хатшыға оны жариялау қажеттілігі туралы хабарлама келіп түседі. Бұдан әрі Хатшы «Жариялау» батырмасын басу қажет. Қажет болған жағдайда тендерлік комиссияның мүшелері «Ерекше пікір» қалдырып, құжатты жүктей алады ( «Ерекше пікір енгізу " Нұсқаулығы)
Назар аударыңыз !!! Егерде тендерлік комиссияның мүшелері(-імен), әлеуетті жеткізушінің өтініміне өзгерістер енгізген жағдайда, бұл туралы хатшыға хабарланады. Осыдан кейін хатшы «Алдын ала рұқсат беру хаттамасын құру» батырмасын басу арқылы хаттаманы қайта құру қажет.
Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін пысықтау аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері қайтадан дауыс беруге кіріседі
Назар аударыңыз!!! Егер әлеуетті жеткізуші өтінімді пысықтауға құжаттарды жүктеген болса, онда өтінімді қарау кезінде қоса берілген құжаттар жасыл түспен көрсетіледі.
«Дауыс беру» қосымша парақшасы арқылы Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның дауыс беру рәсімін бақылай алады, әлеуетті жеткізушінің өтінімінен, егер комиссия мүшелері қарсы болған жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып бақылай алады.
Тендерлік комиссия шешім шығарады, бұдан әрі Хатшы рұқсат беру хаттамасын жасайды. Рұқсат беру хаттамасына тендерлік комиссияның барлық мүшелері Порталда ЭЦҚ сертификатымен қол қояды.
Назар аударыңыз !!! Егерде тендерлік комиссияның мүшелері, әлеуетті жеткізушінің өтініміне өзгерістер енгізген жағдайда, бұл туралы хатшыға хабарланады. Осыдан кейін хатшы «Алдын ала рұқсат беру хаттамасын құру» батырмасын басу арқылы хаттаманы қайта құру қажет.
Қажет болған жағдайда тендерлік комиссияның мүшелері «Ерекше пікір» қалдырып, құжатты жүктей алады ( Ерекше пікір енгізу нұсқаулығы)
Назар аударыңыз!!! Егер рұқсат беру хаттамасына өзгерістер енгізу қажет болса, Хатшы хаттама жарияланғанға дейін рұқсат беру хаттамасын қайта құра алады. Ол үшін комиссия әлеуетті жеткізушінің өтініміне кіріп, қабылдау жалауын өзгертуі керек, осыдан кейін Хатшы «Қабылдау хаттамасын құру» батырмасын басуы керек
Комиссияның барлық мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін, Хатшыға оны жариялау қажеттілігі туралы хабарлама келіп түседі. Бұдан әрі «Жариялау» батырмасын басу қажет.
Портал автоматты түрде комиссиямен рұқсат етілген әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын салыстырады. Ең төменгі баға ұсынысын ұсынған әлеуетті жеткізуші жеңімпаз ретінде анықталады. Егер бірнеше әлеуетті жеткізушілер тең сомадағы баға ұсыныстарын ұсынған жағдайда, баға ұсынысы ертерек келіп түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып табылады.
Жүйе автоматты түрде қорытынды хаттаманы құрастырады және оған қол қою қажет екендігін хабарлайды (хабарлама арқылы).
Сілтеме бойынша өтіп ЭЦҚ арқылы қорытынды хаттамаға қол қою қажет.
Комиссияның барлық мүшелері қорытынды хаттамаға қол қойғаннан кейін, Хатшыға оны жариялау қажеттілігі туралы хабарлама келіп түседі. Бұдан әрі Хатшы «Хаттама натижелерін жариялау» батырмасын басуы қажет.
 
    











