meta data for this page
  •  

Хабарландыру жасау

Хабарландыруды жасау үшін «Менің өтінімдерім» мәзіріне өту қажет. Көрсетілген терезеде Тапсырыс берушілер берген барлық өтімдерге қолжетімді.  Сатып алуға өтінімді қалай беру керек екендігін – «Сатып алуға өтінім жасау" сілтемесі бойынша өтіп білуге болады.

Хабарландыруды одан әрі жасау үшін бір немесе бірнеше өтінімдерді таңдау қажет,   »Таңдалған лоттарды қарау« батырмасын таңдаңыз. Ашылған терезеден хабарландыру  жобасын таңдаңыз. Бұдан әрі жариялау үшін «Жасау» батырмасын басыңыз. Хабарландыру  бірнеше лоттардан тұруы мүмкін.

Хабарландыруды жасауға арналған жолақ:

  • Хабарландырудың орыс тіліндегі атауын – жүйе автоматты түрде жеткізеді (хабарландырудың атауын түзетуге мүмкүндік бар);
  • Хабарландырудың мемлекеттік тілдегі атауын – жүйе автоматты түрде көрсетеді (хабарландырудың атауын түзетуге мүмкіндік бар);
  • Өтінімді қабылдауды бастау күні және уақыты– жүйе автоматты түрде өтінімдерді қабылдауды бастау күнін және уақытын көрсетеді;
  • Өтінімдерді ашу және қабылдауды аяқтау күні және уақыты– жүйе автоматты түрде  өтінімдерді ашу және қабылдауды аяқтау күнін және уақытын көрсетеді;
  • Сатып алу тәсілдері – жоспар тармағынан автоматты түрде көрсетіледі (Тендер тәсілі кезінде ашылмалы тізімнен қажетті сатып алу тәсілін таңдау қажет);
  • Сатып алу түрі – автоматты түрде белгіленеді;
  • Шарт жобасының шаблоны – қажет болған жағдайда тізімнен таңдау қажет;
  • Талаптар шаблоны  – ашылмалы тізімнен таңдауға болады.

Осыдан кейін «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет.


*Хабарландыруға «Жоба» статусы беріледі, жариялау үшін оны хабарландырулар жобалары тізімінен  «Сатып алулар – Менің хабарландыруларым Хабарландыру жобалары» өте отырып таңдау қажет, барлық бөлімдерді толтыру және «Жариялау» батырмасын басу қажет.