meta data for this page
  •  

Төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып тендерді қорытындылау

Төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып тендерге қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін, жүйе автоматты түрде ашу хаттамасын жасайды және бұл туралы тендерлік комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді.

Қорытындылау рәсімін келесі алгоритм бойынша бастау қажет:

  • Портал хабарландыруға қатысқан әлеуетті жеткізушілерді көрсетіп, ашу хаттамасын жасайды;
  • Тендерлік комиссияның әрбір мүшесі әрбір әлеуетті жеткізушіні бөлек қарастыра отырып, әлеуетті жеткізушілердің кіру рәсімін (алдын ала жіберу) жүзеге асырады.

ӨТІНІМДЕРДІ ҚАРАУ

Жеткізушінің өтінімінде қоса берілген құжаттамамен танысу қажет, бұдан әрі әлеуетті жеткізушіні тексергеннен кейін қабылдау жалауын таңдап және «Бекіту» батырмасын басу арқылы оны қабылдау туралы шешім қабылдау керек.

Потенциалды жеткізушінің өтінімін қайта қарауға жіберген кезде, сіз кіру жалаушасында «Рұқсат етілмеген» белгісін таңдап, тізімнен бас тарту себебін таңдап және қажет болған жағдайда түсініктеме қосып, содан кейін «Бекіту» батырмасын басыңыз.

Егер әлеуетті жеткізушінің өтінімінен бас тартылған болса, рұқсат беру жалауынан «Қайта жіберу құқығынсыз бас тартылды» таңдау керек, тізімнен бас тарту себебін таңдап және қажет болған жағдайда түсініктеме қосу керек, содан кейін «Бекіту» батырмасын басу қажет.

*Әлеуетті өнім беруші «Рұқсат етілмеген»жағдайында болған кезде, жүйе алдын ала рұқсат беру хаттамасын құруды ұсынады.

Хатшы пысықтауды аяқтау уақытын көрсетуі керек (әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін пысықтау аяқталған күн 3 жұмыс күнінен кем болмауы тиіс) бұдан әрі  «Алдын ала рұқсат беру  хаттамасын құру» батырмасын басыңыз.

Көрсетілген «Комиссияның құрамы туралы ақпарат» терезесінде,  Хатшы қажет болған жағдайда комиссия мүшелерінің «Келмеу себебі» жолағын толтырып, содан кейін «Қалыптастыру» батырмасын басу қажет.

Тендерлік комиссияның барлық мүшелеріне рұқсат беру хаттамасына қол қою туралы хабарлама келіп түседі. Комиссияның барлық мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін, Хатшыға оны жариялау қажеттілігі туралы хабарлама келіп түседі. Бұдан әрі Хатшы «Жариялау» батырмасын басуы қажет. 

Назар аударыңыз !!! Егерде тендерлік комиссияның мүшелері (-імен), әлеуетті жеткізушінің өтініміне өзгерістер енгізген жағдайда, бұл туралы хатшыға хабарланады. Осыдан кейін Хатшы «Алдын ала рұқсат беру хаттамасын құру» батырмасын басу арқылы алдын ала рұқсат беру хаттамасын қайта құру қажет.

Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін пысықтау аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері қайтадан дауыс беруге кіріседі

Назар аударыңыз!!! Егер әлеуетті жеткізуші өтінімді пысықтауға құжаттарды жүктеген болса, онда өтінімді қарау кезінде қоса берілген құжаттар жасыл түспен көрсетіледі.

«Дауыс беру» қосымша парақшасы арқылы Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның дауыс беру рәсімін бақылай алады, әлеуетті жеткізушінің өтінімінен, егер комиссия мүшелері қарсы болған жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып бақылай алады.

Жеткізушілердің өтінімдерін қарағаннан кейін, Хатшы рұқсат беру хаттамасын жасамас бұрын, лотта аукционның қадамын теңгемен және сауда-саттықтың басталу уақытын көрсетеді:

*бұл әрекет егерде рұқсат берілген жеткізушілердің саны кемінде 2-еу болған жағдайда орындалады.

Назар аударыңыз !!! Егерде тендерлік комиссияның мүшелері(-імен),әлеуетті жеткізушінің өтініміне өзгерістер енгізген жағдайда, бұл туралы хатшыға хабарланады. Осыдан кейін Хатшы «Рұқсат беру хаттамасын құру» батырмасын басу арқылы хаттаманы қайта құру қажет.

Көрсетілген «Комиссияның құрамы туралы ақпарат» терезесінде,  Хатшы қажет болған жағдайда комиссия мүшелерінің «Келмеу себебі» жолағын толтырып, содан кейін «Қалыптастыру» батырмасын басуы керек.

Тендерлік комиссияның барлық мүшелеріне рұқсат беру хаттамасына қол қою туралы хабарлама келіп түседі. Комиссияның барлық мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін, Хатшыға оны жариялау қажеттілігі туралы хабарлама келіп түседі. Бұдан әрі Хатшы «Жариялау» батырмасын басуы қажет. 

Қажет болған жағдайда тендерлік комиссияның мүшелері «Ерекше пікір» қалдырып, құжатты жүктей алады.

Ұйымдастырушы «Сатып алулар» - «Менің хабарландыруым» мәзірі арқылы хабарландыруға өтіп сауда-саттықтың барысын бақылай алады, бұл хабарландыруға «Төмендетуге арналған сауда-саттық» статусы беріледі.

Лоттар бөліміндегі хабарландыру бетіне өткен соң, қажетті лотқа қарама-қарсы «Аукцион» батырмасын басу қажет.

Аукцион залында Ұйымдастырушы сауда-саттық аяқталғанға дейінгі уақытты және қазіргі уақыттағы жеткізушілердің барлық баға ұсыныстарын көре алады.

Сауда-саттықтың аяқталуы бойынша қорытынды хаттама қалыптастырылады. Комиссияның барлық мүшелері қорытынды хаттамаға қол қойғаннан кейін, Хатшыға оны жариялау қажеттілігі туралы хабарлама келіп түседі. Бұдан әрі Хатшы «Қорытынды хаттаманы жариялау» батырмасын басуы қажет.