meta data for this page
Лицензияны талап ететін сатып алуға өтінім беру
Лицензияның болуын талап ететін сатып алуға өтінім беру үшін «Жеткізуші» рөлі бар пайдаланушы сатып алуға қатысуға өтінім жасауға көшуі қажет.
Лицензияның болуын талап ететін сатып алуға жасалған өтінімде Жүйе ақпараттық хабарламаны көрсетеді: «Бұл сатып алу лицензиясы және/немесе рұқсат құжаты бар әлеуетті жеткізушілер арасында жүргізіледі» (8-сурет).
8 Сурет
Өтінімді жасау кезінде Жүйе бұрын лицензиялаудың интеграциялық сервисі арқылы алынған пайдаланушы лицензияларының болуын тексереді. Егер пайдаланушы бұрын лицензия сұрауын орындаған болса, Жүйе лицензия файлын автоматты түрде жасалатын өтінімге тартады және оны «Жалпы талаптар» блогында көрсетеді (9-сурет).
9 Сурет
Жүйе сатып алу туралы хабарландыруда ұйымдастырушы көрсеткен лицензия коды негізінде лицензияны автоматты түрде таңдайды. Лицензия коды сәйкес келген кезде Жүйе пайдаланушының өтінімінің құрамына тиісті лицензия файлын қосады. Пайдаланушы тіркелген лицензия файлын растайтын құжаттар тізімінен көре алады.
Егер лицензия жоқ болса немесе өтінімге автоматты түрде тартылмаған болса, пайдаланушы лицензияны қолмен қоса алады.
Лицензияны тіркеу үшін пайдаланушы лицензия файлын жергілікті компьютерден «Жаңа файлды жүктеу» батырмасын басу арқылы жүктей алады немесе «Тізімнен таңдау» батырмасын басу арқылы бұрын жүктелген құжаттардан лицензия файлын таңдай алады. Файлды таңдағаннан немесе жүктегеннен кейін Жүйе лицензияны пайдаланушының өтінішіне тіркейді (10-сурет).
10 Сурет

