meta data for this page
  •  

Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алуға қатысуға қандай құжаттарды ұсыну қажет.

Әрбір әлеуетті жеткізуші сатып алу порталы арқылы:

1) әлеуетті жеткізушінің басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға толтырған және электрондық сатып алуды өткізу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған сатып алуға қатысуға келісімді;

2) хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып бір ғана баға ұсынысын береді.