meta data for this page
  •  

Әлеуетті жеткізушіге сатып алу порталына тендерге қатысу үшін қандай құжаттар жіберу қажет.

Тендерге қатысу үшін әлеуетті жеткізуші тендер талаптарында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018ж.27.08 192 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының 50-тармағында көрсетілген құжаттарды хабарландыруда көрсетілген соңғы мерзімі аяқталғанға дейін сатып алу порталы арқылы тендерлік өтінімді ұсынады.

Тендерлік өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі сатып алу порталында «Хабарландыру» бөлімінде орналастырылған тендер талаптарында көрсетілген.

Әлеуетті жеткізушіде сатып алу порталында тендерлік өтінімді қалыптастыруға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, тендер талаптарында көрсетілген байланыс телефоны арқылы немесе сатып алу порталы арқылы («Талаптарды түсіндіру» бөлімі арқылы) сатып алуды ұйымдастырушыға хабарласу қажет.