meta data for this page
Жеткізуші сатып алу порталында сатып алуға қатысуға өтінімді қате жіберген.
Сатып алу порталындағы тендерлік өтінім жеткізушінің тендер талаптарына сәйкес тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Жеткізушінің өтінімі оны жібергеннен кейін сатып алу порталында автоматты түрде тіркеледі және сатып алу порталы өтінім берген жеткізушіге хабарлама берген сәттен бастап қабылданған болып саналады.
Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін жеткізуші өзінің өтінімін өзгертуіне және (немесе) толықтыруына не кері қайтарып алуына рұқсат етіледі. Өтінімге өзгеріс және (немесе) толықтыру өтінім ресімделіп, ұсынылатын тәртіпке ұқсас тәртіппен ресімделіп, ұсынылады.