meta data for this page
Әлеуетті жеткізуші сатып алу порталындағы сатып алуға қатысу үшін тендерлік өтінімді қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс берушінің банк шотына ақшалай жарна енгізе алады ма.
Әлеуетті жеткізуші сатып алу порталындағы сатып алуға қатысу үшін тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдайды:
1) электрондық әмиянға орналастырылған ақша;
2) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018ж.27.08. № 192 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түріндегі банк кепілдігі.