meta data for this page
  •  

Жеткізуші сатып алу порталында сатып алуға қатысуға өтінім бергеннен кейін ұсынылған өтінімнің сомасын қалай көре алады.

Жеткізуші сатып алуға қатысуға өтінім бергеннен кейін баға ұсынысы келесідей болады:

Әлеуетті жеткізуші тендер және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алулар бойынша өтінімдерді ұсынған кезде баға ұсынысы келесідей болады.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысындағы баға шифрланған және өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны көру, оның ішінде әлеуетті жеткізушіде мүмкін емес.

Әлеуетті жеткізуші өзі ұсынған баға ұсынысын өзгерту қажет болған кезде, әлеуетті жеткізушіге сатып алуға қатысуға өтінімді кері қайтарып алып (қайтып алынған өтінімде баға көрсетілмейді), бағаны көрсетіп және өтінімді қайтадан беруі қажет.

Ескерту: бұл функция тендер және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алулар бойынша өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін қолжетімді.