meta data for this page
  •  

Жеткізуші тендерге қатысуға құжаттарды ұсына алмайды («қате: міндетті құжаттар жеткіліксіз»)

Әлеуетті жеткізуші тендерге қатысуға өтінім беру үшін қажетті құжаттарды жүктеген кезде «*» белгісі бар бағандағы құжаттарды тіркеу міндетті болып табылады.

Міндетті болып табылатын бөлімге құжаттар тіркелмеген жағдайда, жүйеде жетіспейтін құжаттың атауы көрсетіле отырып «Міндетті құжаттар жоқ» деген хабарлама шығады.

Тендерлік өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі сатып алу порталында «Хабарландыру» бөлімінде орналастырылған тендер талаптарында көрсетілген.

Әлеуетті жеткізушіде сатып алу порталында тендерлік өтінімді қалыптастыруға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, тендер талаптарында көрсетілген байланыс телефоны арқылы немесе сатып алу порталы арқылы («Талаптарды түсіндіру» бөлімі арқылы) сатып алуды ұйымдастырушыға хабарласу қажет.