meta data for this page
  •  

Жеткізуші сатып алу порталында тікелей шарт жасау тәсілімен сатып алуға қалай қатыса алады.

Әлеуетті жеткізуші шарт тікелей жасасу тәсілімен сатып алуға қатысу үшін әлеуетті жеткізушіге сатып алу порталына тіркеліп және тиісті тарифті қосуы қажет.

Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына сәйкес сатып алу порталы арқылы шарт тікелей жасасу арқылы сатып алуға қатысуға шақыруды жіберетін әлеуетті жеткізушіні дербес таңдайды. Тапсырыс беруші шақыруды сатып алу порталында тіркелген әлеуетті жеткізушіге ғана жібереді.

Тапсырыс беруші жіберген шақыру туралы хабарлама әлеуетті жеткізушіге электрондық пошта арқылы және оның сатып алу порталындағы жеке кабинетіне мәтіндегі белсенді сілтемемен жіберіледі. Тауарды жеткізуді, жұмысты орындауды, қызметті көрсетуді жүзеге асыруға келісім берген әлеуетті жеткізуші шақыру алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге сатып алу порталы арқылы шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, сатып алуға қатысу туралы растауды жібереді.