meta data for this page
Жеткізуші сатып алу порталында электрондық әмиянға орналастырылған ақшаны ала алмайды.
Сатып алу порталында жеткізуші тендер тәсілімен сатып алуға қатысу кезінде, жеткізушінің электрондық әмиянға ақша орналастыру түріндегі тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді таңдаған кезде сатып алу порталының операторы тендерлік өтінімді қамтамасыз ету сомасын бұғаттайды.
Жеткізушінің электрондық әмиянға орналастырылған ақшаны қайтару туралы талап етуі бойынша сатып алу порталының операторы осындай талап келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде көрсетілген, оған қатысты бұғаттау жүзеге асырылмаған немесе бұғаттау тоқтатылған ақшаны қайтарады.
Электрондық әмиянға орналастырылған ақшаны қайтару тәртібі бойынша толық ақпарат сатып алу порталының басты бетіндегі «Заңдылық аспектілер» бөлімінде орналасқан №192 сатып алу қағидаларында көрсетілген.