meta data for this page
  •  

Әлеуетті жеткізушіні тексеру

Әлеуетті жеткізушілердің өтінім берудің мерзімінің аяқталуы бойынша, Жүйе әлеуетті жеткізушілерді Жосықсыз жеткізушілер тізбесінен автоматты түрде тексереді (бұдан әрі ЖЖТ). Егер жеткізуші ЖЖТ болған жағдайда тиісінше хабарлама көрсетіледі:


Назар аударыңыздар! Әлеуетті жеткізушіні атқарушылық іс жүргізу тізілімінде тексеру, тендер тәсілімен сатып алу үшін жүзеге асырылады.

Жүйе әлеуетті жеткізушіні тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға атқару құжаттары бойынша орындалмаған міндеттемелерге автоматты түрде тексереді. Жеткізушіні немесе бірінші басшы атқарушылық құжаттары бойынша борышкерлердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – борышкерлердің тізілімі) бар болған жағдайда, тиісінше хабарлама көрсетіледі. 

Егер комиссия белсенді болып қалған жағдайда (жеткізуші бойынша шешім Қағидаларда қарастырылған мерзімдерді есепке ала отырып қабылданады) тәулігіне бір рет қолмен жаңарту арқылы өзекті етілетін, ақпараттарды жаңарту үшін «АТҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАР БОЙЫНША БІРІҢҒАЙ ТІЗІЛІМНЕН ЖЕТКІЗУШІНІ ТЕКСЕРУ ҚАЖЕТ» батырмасын басу қажет.  

Батырманы басқан кезде Жүйе сұратудың сәтті жіберілгені және бірнеше минут ішінде парақшаны жаңарту қажеттілігі туралы хабарламаны көрсетеді.

Назар аударыңыз! Ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілерді қабылдау туралы шешім қабылдағанда абай болуы керек, себебі портал ЖЖТ-не және борышкерлер тізіліміне енгізілген әлеуетті жеткізушілердің сатып алуларға қатысуын шектемейді.