meta data for this page
Шарттың орындалуын қамтамасыз етуін енгізуі, құлпын ашуы, ұстап қалуы
- Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
- Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің құлпын ашу
- Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалу
1.Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі
1.1. Электрондық әмиян арқылы
Жеткізушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді электрондық әмиян түрінде енгізу үшін Жеткізуші Шарт карточкасында «Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу» батырмасын басады
«Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу» батырмасын басқан кезде Портал қажетті сома бойынша нұсқауды көрсетеді
Жеткізуші құжатты қалыптастырады ЭЦҚ кілтімен «Шарттың орындалуын қамтамасыз ету туралы ақпарат» электрондық құжатын қалыптастырады және қол қояды. Қол қойылғаннан кейін Портал «Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді бұғаттау» түріндегі транзакцияны жүргізеді және қатысушы Шартының орындалуын қамтамасыз етудің бұғатталған сомасы бойынша транзакцияны 1С жүйесіне жібереді.
Егер өтінішке қол қою кезінде шарттың орындалуын қамтамасыз етудің бұғатталған сомасы бойынша транзакцияны 1С жүйесіне жіберу қатесі туындаған жағдайда, онда Портал тиісті хабарламаны көрсетеді
1.2.Электрондық банктік кепілдік арқылы
Егер Жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді электрондық банк кепілдігі түрінде енгізген жағдайда, онда электрондық банк кепілдігі бекітілгеннен кейін Портал электрондық құжатты Шарттың карточкасында көрсетеді (49-сурет),
сондай-ақ Шарттың авторына хабарлама жібереді
1.3.Төлем тапсырмасы немесе банк кепілдігі түрінде қамтамасыз ету арқылы
Шарт карточкасында жеткізушіде төлем тапсырмасы немесе банк кепілдігі түрінде қамтамасыз етуді енгізген жағдайда «Файлды жүктеу» батырмасын басу арқылы сыртқы құжатты жүктеу мүмкіндігі
Файл жүктелгеннен кейін Портал «Шартты қамтамасыз ету туралы мәліметтерді енгізу» туралы хабарламаны Шарттың авторына жібереді
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің құлпын ашу
2.1. Электрондық әмиян түрінде
Егер жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді электрондық әмиян түрінде енгізген жағдайда, онда «Бекітілген»/«Шарт бұзылған» мәртебесі бар Шарттың карточкасында «Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтару» батырмасы көрсетіледі
Бұдан әрі, Шарттың авторы «Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға өтініш» электрондық құжатын қалыптастырады және ЭЦҚ кілтімен қол қояды. Қол қойылғаннан кейін Портал «Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің құлпын ашу» түріндегі транзакцияны жүргізеді және қатысушы Шартының орындалуын қамтамасыз етудің құлпы ашылмаған сомасы бойынша транзакцияны 1С жүйесіне жібереді.
Егер өтінішке қол қою кезінде шарттың орындалуын қамтамасыз етудің бұғатталған сомасы бойынша транзакцияны 1С жүйесіне жіберу қатесі туындаған жағдайда, онда Портал тиісті хабарламаны көрсетеді
2.2. Электрондық банк кепілдігі
Егер Шарттың орындалуын қамтамасыз ету электрондық банк кепілдігі болған жағдайда, қайтару кезінде Портал Банктің қызметкеріне хабарлама жібереді, сондай-ақ электрондық банк кепілдігінің мәртебесі «Қайтарылды» болып өзгереді
3. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалу
Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалу үшін Шарттың авторы «Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалуға өтініш» электрондық құжатын қалыптастырады және ЭЦҚ кілтімен қол қояды. Қол қойылғаннан кейін Портал «Жеке шоттан алу» түріндегі транзакцияны жүргізеді және қатысушы шартының орындалуын қамтамасыз етудің ұсталған сомасы бойынша транзакцияны 1С жүйесіне жібереді.
Расталғаннан кейін Жүйе электрондық банк кепілдігінің мәртебесін «Ұсталды» мәртебесіне өзгертеді
Транзакцияны болдырмау үшін Тапсырыс беруші «Өңдеуде» мәртебесімен транзакцияны ашуы керек. Транзакция картасында Портал модальды терезеде растау мүмкіндігі бар «Транзакцияны болдырмау» батырмасын көрсетеді.
Бас тартқан кезде транзакция мен өтінім мәртебесі «Бас тартылдыға» өтеді және Портал жаңартылған транзакция мәртебесін 1С жүйесіне жібереді.
Әрі қарай, Тапсырыс берушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалуға жаңа өтініш қалыптастыру мүмкіндігі бар.
Егер транзакция жойылған кезде транзакция мәртебесін жеке шоттан 1С жүйесіне шығару бойынша жіберу қатесі туындаса, онда Портал тиісті хабарламаны көрсетеді












