meta data for this page
Баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен хабарландыру жасау
Баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды жасау үшін «Сатып алу – Менің өтінімдерім» мәзірін таңдау қажет.
Қажетті лотты таңдаңыз, әрі қарай «Таңдалғанды қосу – Таңдалған лоттарды қарау» батырмасын басыңыз.
«Хабарландыру құру» парақшасында, осы лоттың дұрыс екендігіне көз жеткізу қажет, содан кейін «Келесі» батырмасын басыңыз.
«Хабарландыру құру» парақшасындағы жолақтар:
- Хабарландырудың орыс және мемлекеттік тілдеріндегі атауы – жүйе ТЖҚБНА анықтамасынан атауларды автоматты түрде шығарады (хабарландырудың атауына түзетулер енгізуге болады);
- Өтінімдерді қабылдауды бастау күні және уақыты және Өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні және уақыт – жүйе уақытты автоматты түрде шығарады;
- Сатып алу тәсілі – жүйе сатып алу тәсілін жоспар тармағынан автоматты түрде шығарады;
- Сатып алу түрлері – жүйе сатып алу түрлерін автоматты түрде шығарады (ашылмалы тізімнен таңдауға болады);
- Шарт жобасының шаблоны – ашылмалы тізімнен таңдауға болады;
- Талаптар шаблоны – ашылмалы тізімнен таңдауға болады.
Сатып алу ұйымдастырушысы жолақтарды толтыруы және «Келесі» батырмасын басуы қажет.
Редакциялау формасында хабарландыруды «Жариялауға жауапты» тізімінен таңдау керек.
«Хабарландыру бойынша құжаттар» – бұл бөлім «Электрондық құжаттар» және «Сыртқа құжаттар» құжаттардың екі түрінен тұрады. .
- «Электрондық құжаттар» шарт жобасын қалыптастыру үшін қажет;
- «Сыртқы құжаттар» pdf/doc/docx/exe форматында бекітілген тендерлік құжаттамалармен құжаттарды қоса беру қажет («Тізімнен таңдау»/«Жаңа файлды жүктеу» мүмкіндіктері қолжетімді)
«Шарт жобасының атауы» батырмасын басқан кезде Электрондық форма көрсетіледі. Электрондық формада жолақты толтыру және «Қалыптастыру» батырмасын басу қажет.
«Қалыптастыру» батырмасын басқан кезде жүйе pdf форматында шарт жобасын қалыптастырады, бұдан әрі «Бекіту» батырмасын басу қажет.
Бұдан әрі шарт жобасы құжатының статусы «Бекітілді» болады.
«Баға ұсыныстарын сұратуды қарастыру» бөлімінде Порталда тіркелген Тапсырыс беруші ұйымының/Сатып алуды ұйымдастырушының қызметкерлері (қызметкерлері) (өтінімдерді қарайтын пайдаланушылар) бола алады. Қатысушыны қосу үшін «Баға ұсыныстарын сұратуды қарастыру» бөлімінде пайдаланушының аты-жөні немесе ЖСН-і бойынша іздеуді іске асырыңыз.
Комиссиядан қатысушыны жою үшін «Крестик» белгісін басыңыз.
Ағымдағы хабарландыруға дайын комиссия шаблонын қолдану үшін «Шаблонды таңдау» батырмасын басыңыз. Көрсетілген тізімнен қажетті үлгіні таңдап, «Шаблонды қолдану» батырмасын басыңыз.
Жаңа комиссия шаблонын жасау үшін «Сатып алулар – Комиссия шаблондары» мәзіріне өтіңіз (Нұсқаулық)
«Талаптар және құжаттар» бөлімінде мыналарды көрсету қажет:
- Жалпы талаптар – талаптар толтырылады, қоса берілуі керек растайтын құжаттар тізімделеді, талап түрі, құжаттар санаты және талап міндеттемесі көрсетіледі;
- Әрбір лот бойынша талаптар – талаптар толтырылады, талап түрі, құжаттар санаты және талап міндеттемесі көрсетіледі.
Талаптарды қосу қажет болған жағдайда «Қосу» батырмасын басу немесе белгісін басып талапты жою қажет.
Ағымдағы хабарландыруға дайын талаптар шаблонын қолдану үшін «Шаблонды таңдау» батырмасын басыңыз. Көрсетілген тізімнен қажетті шаблонды таңдаңыз және «Шаблонды қолдану» батырмасын басыңыз. Жаңа талаптар шаблонын құру үшін «Сатып алулар –Талаптар шаблондары»имәзіріне өтіңіз (Нұсқаулық)
«Сақтау» батырмасын басқан кезде хабарландыру «Жоба» статусымен сақталынады бұл үшін «Сатып алулар – Менің хабарландыруым – Хабарландыру жобасына» өту қажет және кейіннен жариялануы мүмкін.
Егер хабарламаны жариялаған адам Жарияланымға жауапты адам болып табылса, «Жариялау» батырмасын басқан кезде «Барлық жеткізушілердің бағалары жеке кілтпен шифрланады және сатып алу ашылғанға дейін қолжетімді емес» диалог терезесі пайда болады, онда сіз «Жариялау» батырмасын басуыңыз керек.
Егер жарияланымға жауапты басқа пайдаланушы болса, онда сіз «Жариялауға жіберу» батырмасын басуыңыз керек
Бұдан әрі хабарландыруға «Растау күтілуде» статусы беріледі – бұл дегеніміз,«Жарияланымға жауапты» Пайдаланушы «Жариялау» батырмасын баспайынша бұл хабарландыру жарияланбайды дегенді білдіреді.
Жүйе «Жарияланымға жауапты» Пайдаланушыны «Хабарламаны жариялауды растау» туралы хабардар етеді.
Сілтеме бойынша өту керек, жүйе хабарландыру жобасын көрсетеді. «Жарияланымға жауапты» Пайдаланушыға «Хабарландыру бойынша құжаттар» және «Талаптар және құжаттар» бөлімінде редакциялауға болады.
Бұдан әр «Жариялау» батырмасын басу қажет.











