meta data for this page
Тендер тәсілімен хабарландыру жасау
Тендер тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды жариялау үшін бұрын жасалған хабарландыру жобасын толтыру қажет. (Хабарландыру жобасын жасау бойынша нұсқаулық)
Ұйымның хабарландыру жобаларының тізімі «Сатып алулар – Менің өтінімдерім» мәзірінде, «Хабарландыру жобаларының тізімі» немесе «Сатып алулар – Менің хабарландыруым» қосымша парақшасында қолжетімді. Хабарландыру жобасымен танысу үшін тізімдегі оның атауын басыңыз. Ашылған Хабарламаны редакциялау нысанында төменде сипатталған блоктарды толтыруыңыз керек.
Жалпы ақпарат – бұл бөлім сатып алудың атауы мен уақытынан, сатып алудың жалпы сомасынан, сатып алу тәсілінен тұрады, демпинг Сатып алу қағидаларына сәйкес автоматты түрде байланыстырылған.
Тендер тәсілімен хабарландыруды жасау кезінде, жүйеде ашылмалы тізімнен сатып алудың түрін таңдау мүмкіндігі жүзеге асырылған.
Пайдаланушы тиісті жұмыс түрін таңдағаннан кейін, жүйе автоматты түрде демпингтік бағаның деңгейін белгілейді.
Жалпы ақпаратта «Жарияланымға жауапты» пайдаланушыны және «Түсіндіруге жауапты» пайдаланушыны белгілеу керек.
«Хабарландыру бойынша құжаттар» – бұл бөлім «Электрондық құжаттар» және «Сыртқа құжаттар» құжаттардың екі түрінен тұрады. .
- «Электрондық құжаттар» шарт жобасын қалыптастыру қажет;
«Шарт жобасының атауы» батырмасын басқан кезде Электрондық форма көрсетіледі. Электрондық формада жолақты толтыру және «Қалыптастыру» батырмасын басу қажет.
«Қалыптастыру» батырмасын басқан кезде жүйе pdf форматында шарт жобасын қалыптастырады, бұдан әрі «Бекіту» батырмасын басу қажет.
Шарт жобасының құжатының статусы «Бекітілген»
«Комиссия» бөлімі бекітілген тендерлік комиссия туралы мәліметтерден тұрады. Тендерлік комиссияның мүшелері болып Порталда тіркелген Тапсырыс беруші ұйымының/Сатып алуды ұйымдастырушының қызметкерлері (жұмысшылары) бола алады. Қатысушыны тендерлік комиссияның құрамына қосу үшін «Комиссия» бөлімінде пайдаланушының аты-жөні немесе ЖСН-і бойынша іздеңіз.
Қатысушыны тендерлік комиссиядан жою үшін «АТӘ» бағанында орналасқан «Кресик» белгісін басыңыз.
«Сараптау комиссиясы» бөлімінде тендерге қатысуға тартылған сарапшылар туралы мәліметтер бар. Порталда тіркелген кез келген пайдаланушы сарапшы бола алады. Сарапшыны қосу үшін «Сараптамалық комиссия» бөлімінде «+ Қатысушыны қосу» функциясын таңдаңыз. «Жаңа қатысушы» жолағында сарапшы ретіндегі қатысушы пайдаланушының ЖСН/АТӘ енгізіңіз. Ашылмалы тізімде көрсетілген параметрлер бойынша табылған пайдаланушылар көрсетіледі, қажеттісін таңдаңыз.
«Сараптау комиссиясы» бөлімінде қосылған сарапшылар сараптама комиссиясындағы ролін көрсетуі тиіс (Сарапшы/Басқарушы)/
Сараптау комиссиясы құрамынан сарапшыны жою үшін батырманы басыңыз
Ағымдағы хабарландыруға дайын комиссия шаблонын қолдану үшін «Шаблонды таңдау» батырмасын басыңыз. Көрсетілген тізімде қажетті шаблонды таңдаңыз және «Шаблонды қолдану» батырмасын басыңыз.
Комиссияның жаңа шаблонын құру үшін «Сатып алулар – Комиссия шаблондары» мәзіріне өтіңіз (Нұсқаулық)
Ағымдағы хабарландыруға дайын комиссия шаблонын қолдану үшін «Шаблонды таңдау» батырмасын басыңыз. Көрсетілген тізімде қажетті шаблонды таңдаңыз және «Шаблонды қолдану» батырмасын басыңыз. Комиссияның жаңа шаблонын құру үшін «Сатып алулар – Комиссия шаблондары» мәзіріне өтіңіз (Нұсқаулық)
Жүйе «Талаптар шаблонынан» құжаттарды автоматты түрде қалыптастырады, қажет болған жағдайда талаптарды қосу/жоюға болады.
«Сақтау» батырмасын басқан кезде хабарландыру «Жоба» статусымен сақталынады бұл үшін «Сатып алулар – Менің хабарландыруым– Хабарландыру жобасына» өту қажет және кейіннен жариялануы мүмкін.
Егер хабарландыруды жариялаған адам Жарияланымға жауапты адам болып табылса, «Жариялау» батырмасын басқан кезде «Барлық жеткізушілердің бағалары жеке кілтпен шифрланады және сатып алу ашылғанға дейін қолжетімді емес» диалог терезесі пайда болады, онда сіз «Жариялау» батырмасын басуыңыз керек.
Егерде Жарияланымға жауапты басқа Пайдаланушы болған жағдайда, онда «Жариялауға жіберу»батырмасын басу қажет.
Бұдан әрі хабарламаға «Растау күтілуде» статусы беріледі – бұл дегеніміз,«Жарияланымға жауапты» Пайдаланушы «Жариялау» батырмасын баспайынша бұл хабарландыру жарияланбайды дегенді білдіреді.
Жүйе «Жарияланымға жауапты» Пайдаланушыны «Хабарландыруды жариялауды растау» туралы хабардар етеді.
Сілтеме бойынша өту керек, жүйе хабарландырудың жобасын көрсетеді. «Жариялауға жауапты» Пайдаланушыға «Хабарландырулыр бойынша құжаттар» және «Талаптар және құжаттар» бөлімінде редакциялауға болады.
Бұдан әр «Жариялау» батырмасын басу қажет.














